19:18, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Қауіпсіздік кеңесі инспекциясының отырысында әуе техникасының жағдайы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мәселелері қаралды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қ. Жаңбыршиннің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі инспекциясының отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік авиациядағы әуе техникасының техникалық жағдайы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері, ҰҚК Шекаралық қызметі, ІІМ Ішкі әскер комитетінің әуе кемелерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бағалау, сондай-ақ, әуе техникасының жалпы әскери дайындық және әскери қабілеттілік дәрежесін бағалау мақсатында, аталған тақырып бойынша инспекциялық тексеру жүргізудің мақсаты, мерзімі және оған тартылатын күштер мен құралдар анықталды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.