Қауіпсіздік кеңесінде Азия өкілдігінің кеңеюі жаһандық басқаруда БҰҰ рөлін нығайтады - сарапшы

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның әлемдегі беделі мен әсерін нығайтуға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Азия елдерінің өкілдігін кеңейту септесе алады.
None
None

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында сыртқы саясаттағы Германиялық кеңестің Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық Азияны зерттеулер (DGAP) жетекшісі Штефан Майстер айтты.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөздерінде мемлекет басшыларының назарын өзекті жаһандық қауіп-қатерлерге аударды.

«Н.Назарбаев экономика, әлеуметтік сала және әлемдік қақтығыстарды қозғайтын маңызды мәселелерді көтерді. Терроризм, миграция және өзге де келеңсіз мәселелер - бұл жаһандық экономикалық дағдарыстың салдары. Сондықтан дағдарысқа қарсы менеджмент маңызды», - деп атап өтті Штефан Майстер.

Сарапшы да жаһандық үдерістерді Азияның рөлі артып келе жатыр деп санайды. Осыған байланысты Ш.Майстер БҰҰ-ның әлемдегі беделі мен әсерін нығайту амалдарының бірі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Азия елдерінің өкілдігін кеңейту деп есептейді

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Азияның өкілдігін кеңейту керек деп ойлаймын. Бұл Азия елдерін халықаралық күн тәртібіне тартады. Бұл қадам жаһандық басқарудағы БҰҰ рөлін нығайтатынына сенімдімін», - деп түйіндеді Ш.Майстер.

Соңғы жаңалықтар