Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаров пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжа тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды талқылады

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақорда» Президент Резиденциясында Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаровтың Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжамен кездесуі өтті.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаров пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжа тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды талқылады

Н.Бордюжа тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды зерттеу бойынша Сарапшылар тобы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.

Кездесу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына материалдарды әзірлеу, ҰҚШҰ-ның әскери бағытының тиімділігін арттыру, оның ішінде ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерін жабдықтау мәселелері, сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесу шеңберінде Ұйымның кейінгі қызметіне қатысты өзге де мәселелер қарастырылды.