Қауіпсіздік саласындағы ШЫҰ орталығын құру қажет - Л.Кэцян

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік саласындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы орталығын құру қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян айтты.
None
None

«Қазіргі таңда өңірдің саяси әрі экономикалық салаларында өте күрделі өзгерістер орын алуда. Бүгінде есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмыс және киберқылмыс сынды «үш зұлымдықтың» қайта жандана түсуі байқалып отыр. Біз бұл сын-қатерлерге барынша сақ әрі абай болуымыз керек», - деді ол.

Осы ретте Л.Кэцян қытай тарабы эстремизммен күрес туралы конвенцияға тез арада қол қоюға шақыратындығын және ШЫҰ-ға есірткі бизнесімен күрес қызметін беру қажеттігін баса айтты.

«Осы негізде қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер мәселелері жөніндегі орталық құру қажет», - деді Қытай премьері.

Сонымен қатар ол ШҰЫ елдерін Ауғанстан үкіметінің тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігеріне қолдау көрсетуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар