Қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 18 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандар саны 18 адамға жетті, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Бұған дейін індетке 15 корейліктің шалдыққаны жайлы хабар таратылған болатын. Кеселді жұқтырған соңғы 3 адам елде коронавирустың алғаш дерегі тіркелген ауруханада болған. Осыған байланысты жергілікті билік бұл медициналық мекемені уақытша жабуды ұйғарған. Ал ондағы науқастардың барлығы өзге емханаларға орналастырылды. Айта кетейік, коронавирус алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында анықталған болатын. Бүгінде әлемнің 23 елінде ауруды жұқтырудың 1 мың 142 дерегі тіркелген. Олардың 41%-ы өліммен аяқталды. Індетке қарсы вакцина әлі күнге дейін табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар