Қауіпті жүктерді тасымалдайтын жүргізушілерге куәлік беру мерзімі қысқармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қауіпті жүктерді өзге мемлекеттерге тасымалдайтын көлік жүргізушілеріне рұқсат куәлігін беру мерзімі қысқармақ. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көліктерге халықаралық бағыттарға қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беретін куәлік өтініш келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады», - делінген жаңа редакцияда.
Енді көлік жүргізуішілер үшін бұл қызмет демалыс күндері де қолжетімді болады. Қолданыстағы талап бойынша куәлік алу үшін азаматтар сағат 16:00-ден кешіктірмей өтініш беруі тиіс. Сонымен қоса, сенбі және жексенбі күндері қызметтің аталған түрі көрсетілмейді. Ашық талқыға шығарылған тиісті реттеуші құжат күшіне енсе, онда кәуілікті алу мерзімі қысқарады.
Бұйрық 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.