Қауіпсіздік кеңесінен өңірлік басқармаларға дейінгі жаңа тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM — Өтіп бара жатқан апта ішінде еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

чиновники
Фото: freepik

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

Арман Әбдірәсілов 1980 жылы 25 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1997-2001) (механика-математика факультеті),
ҚМЭБИ Басқарушылық есеп ADKAR сертификатталған трансформацияны басқару жөніндегі маман

Cisco сертификаттары — CCNA, CCNP, CCIE

Джордж С. Маршалл Еуропалық қауіпсіздікті зерттеу орталығының қызметкері
Санкт-Петербор мемлекеттік университеті (Бизнестің цифрлық трансформациясы)

CISA: ISACA Астана тарауы

ISO 27001: Қауіпсіздікті басқару жүйелерінің жетекші аудиторы

Дизайнды ойлау: Стэнфорд университетінің есептерді шешу әдістемесі

Криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарының өнертабыстарына патенттер

Жұмыс тәжірибесі:

Математика және механика ғылыми-зерттеу институтының инженері. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2001–05/2002)

Инженер, ғылыми-техникалық орталық (05.2002–06.2012)

«Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ALE компаниялар тобының тең құрылтайшысы, визионир, GR директоры (2013–08.2020)

Facebook қолданбасы (АҚШ), сәйкестік (2018–2019)

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы (08.2020–10.2022)

«Brain Trust» ЖШС басқарушы серіктесі. Капиталды тиімді басқару, цифрлық трансформация саласында кеңес беру (11.2022 ж.)

SecDev Foundation (Канада), Орталық Азиядағы IT және киберқауіпсіздікті дамыту бойынша аға кеңесші (11.2022 ж. бастап)

Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

Евгений Дмитриевич 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары — «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.

2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. 

Қанат Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымнан қазіргі кезге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылғы сәуірде ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Асқар Қуанышұлы Умаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалды. 

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. 

1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ — «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

2020 жылғы қаңтардан бастап «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы болды.

2021 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 

2022 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.

2022 жылдың қыркүйегінен 2026 жылғы қазанға, яғни осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры қызметін атқарды. 

Энергетика министрінің бұйрығымен Ернар Мұхтарұлы Хасенов ведомствоның Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ол 1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Стратклайд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің жетекші маманыны болып бастады.

2010–2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің сарапшысы, бас сарапшы, басқарма басшысы.

2014–2023 жылдары — ҚР Премьер-министрі кеңсесінде бас сарапшы, бас консультант, бас инспектор.

2023–2025 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

2025 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Нұржан Әміржанов Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды. 

Нұржан Мұратұлы Әміржанов 1986 жылы Абай облысында дүниеге келген.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Батыс Қазақстан су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында инженер-гидротехник болып бастаған.

011-2014 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаментінде және Табиғи ресурстар департаментінде сарапшы қызметін атқарған.

2014-2022 жылдары Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы болған.2022-2025 жылдары «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарған.

2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы сәуірге дейін «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, II кезең» жобасының бірінші компоненті бойынша бас техникалық кеңесші болған.

2026 жылғы сәуірден қазанға дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Жобалау-іздестіру жұмыстары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Насымжан Оспанова ротация тәртібімен Астананың білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды. 

Насымжан Оспанова еңбек жолын өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Оқытушы, директордың орынбасары және колледж басшысы қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментін, ал 2022 жылғы қазаннан бастап Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетін басқарды.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып Қайрат Қуантайұлы тағайындалды. 

Қайрат Қуантайұлы 2004 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін халықаралық экономика мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экономика және басқару кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Еңбек жолының басым бөлігінде Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік, экономика және қаржы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу салаларындағы бөлімдерінде қызмет атқарған. 2021–2023 жылдары Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметіне Нұршашқан Ізбасарова тағайындалды. 

Нұршашқан Ізбасарова 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын иеленді. 2013 жылы осы мамандық бойынша магистратураны тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасында қоғамдық жұмысшы болып бастады.

2011–2013 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында іс жүргізуші, 2013–2017 жылдары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман болып жұмыс істеген. 2017–2023 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап осы басқарма басшысының орынбасары болды.

Абай облысының дін істері басқармасының басшысы болып Нұржан Есенжолов тағайындалды.

Нұржан Есенжолов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша, кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2020-2023 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды.

Еңбек жолын 2007 жылы М.О. Әуезов атындағы университеттің «Тарих» кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметін 2009 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады.
Әр жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінде жетекші және бас маман қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының орынбасары, ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары, Семей қаласы және ШҚО әкімдерінің баспасөз хатшысы лауазымдарында еңбек етті.

2018 жылдан 2024 жылдың қазан айына дейін Семей қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды.

2025 жылдың 30 мамырынан осы уақытқа дейін Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Сәкен Мырзақұлов тағайындалды.

Сәкен Мырзақұлов 1989 жылы дүниеге келген. 

Білімі жоғары. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар құқықтану және экономика біліктілігі бойынша бакалавр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2013 жылы дәрігер-гинеколог болып бастап, түрлі медициналық мекемелерде жұмыс істеді. Әр жылдары Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтерді атқарды.

Қазіргі лауазымға дейін БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болды.

Бұған дейін қай өңірде ең көп тағайындау болғанын жаздық.