Кавалло Доминго G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Ай тұлғасы» болды

Бұл туралы VI Астана экономикалық форумының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Кавалло Доминго - экономика ғылымдарының докторы, Йельск университетінің профессоры. Аргетинада экономика министрі (1991-1996 жж.) және сыртқы істер министрі (1989-1991 жж.) болып еңбек етті. Екі мәрте Ұлттық конгрессмен болып сайланды. (1987-1991 жж. және 1997-2001 жж.). 1982 жылы Аргетина Орталық банкінің төрағасы. Кордова Ұлттық университетінің экономика профессоры болды, Гарвард университетінде латынамерикалық ғылым бойынша сабақ берді. Болонья, Турина, Бен-Гуриона және Генуи университтеттерінің құрметті докторы. «Fundación Mediterranea» Альмерия университетінің құрметті президенті. «Отыздық тобының» мүшесі және Испания «Моральдық және саяси ғылым» Корольдік Академиясының корреспондент-мүшесі.
Еске салайық, «Ай тұлғасы» - бұл G-Global алаңындағы интерактивті онлайн-конференция. Оның барысында қазіргі заманның танымал сарапшылары мен әлемдік тұлғалар пайдаланушыларға кеңестер беріп, олардың сұрақтарына жауап береді.