Кавказ бен Орталық Азия елдеріндегі бейресми сектордың үлесі айтарлықтай үлкен - Халықаралық валюта қоры
Халықаралық валюта қорының мәліметіне қарағанда, экономикадағы бейресми сектор Кавказ бен Орталық Азияның барлық елдерінде кең таралған. Оның үлесі 15-35 пайыз аралығында. Мәселен, 2008 жылы Жалпы ішкі өнімнің Өзбекстанда - 15, Түрікменстанда - 18, Қырғызстанда - 25, Грузияда - 30, Әзірбайжанда - 31, Тәжікстан мен Қазақстанда - 33, Арменияда - 35 пайыз көлемінде болды. Бейресми экономиканың 75 пайызы салық уақыты, еңбек нарығының икемсіздігі, институттар сапасының жеткіліксіздігі, өнімдер нарығының және қаржы нарығының икемсіздігі жағдаяттарына байланысты. Оның ықпалы әр елде әрқилы. Мысалы, Қазақстанда бейресми секторға өнімдер мен қаржы нарығын реттеу уақытының ықпалы 41 пайызды, институттар сапасының ықпалы 40 пайызды, еңбек нарығының икемсіздігі 12 пайызды, ал салық уақытының ықпалы 7 пайызды құрады.