Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Әлемдік діндер съезі институтын қолдайды

None
Photo: gov.kz
БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-Ислам Аллахшүкүр Пашазадемен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Сұхбат барысында дінаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және әлем діндері мен мәдениеттері арасындағы диалогты одан ары жалғастыру жөнінде пікір алмасылды. Атап айтқанда, тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған діни құндылықтарға кез келген шабуылды айыптайтын резолюцияның өзектілігін атап өтті.

Аллахшүкүр Пашазаде Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамытуға және нығайтуға қосып жатқан үлесін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі мен оның Хатшылығы аясында өткізілетін діни және қоғам қайраткерлері кездесулерінің маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті. Бұл ретте ол осы жылдың күзінде өтетін съез Хатшылығының отырысына қатысатынын растады.

Өз тарапынан Әлім Байел Шейхке Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездеріне тұрақты қатысып жүргені және осы институтты одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстары үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге Елші Шейхке жуырда өткен «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммиті туралы ақпарат беріп, ислам әлемінде бірігу мен даму процестерінің күшеюіне деген үмітін білдірді.

Автор: Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар