Қай елдерде Жаңа жылды ұзағырақ мерекелейтіні белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардың әртүрлі қызметтерін бақылайтын Jawbone Up ақылды фитнес-білезіктері мәліметтерін талдау әлемде қай ел Жаңа жылды көбірек тойлайтынын анықтады.
Ресей бұл орайда жыл күнтізбесі ауысуын басқалардан гөрі көп уақыт мерекелейтін «екі астанасымен» бірге ғаламшар елдерінің алдында болды, деп жазады РБК.
Тізімдегі бірінші орында Мәскеу тұр, оның тұрғындары орта есеппен алғанда 3 сағат 33 минут тойлайтын көрінеді, одан кейінгі Санкт-Петербург мерекені 3.35 сағат ішінде аяқтайды. Петербургпен бірге екінші орынды Киев (Украина) бөлісуде.
Келесі қала мұхиттың әр жағындағы Буэнос-Айрес (Аргентина) - 3:09; Буэнос-Айрестен Мадрид (Испания) екі минут кейін қалып тұр. Сантьяго (Чили) Жаңа жылды 2.59 сағат, Барселона (Испания) - 2:56, ал Варшава (польша) - 2:55 сағат қарсылайды.
Қалалар ондығын Мехико (Мексика) - 2:53 мен Париж (Франция) - 2:53 тұйықтайды.
Кейбір елдер тұрғындары үшін 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауысу ұйқы режиміне онша әсер етпейтін көрінеді. Мысалға, бұл есепке Қытай мен Израиль кіреді, бұл елдерде Жаңа жыл басқа айларда тойланады, олардың дәстүрлері де едәуір өзгеше.