09:20, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Қай өңірде коронавирусқа қарсы егу қарқыны жоғары
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Коронавирусқа қарсы егу қарқынмен жүріп жатқан өңірлер:
- Түркістан облысы (бірінші доза – 1 295 846/екінші доза – 1 292 165 адам);
- Алматы қаласы (1 217 588/1 191 563);
- Алматы облысы (1 188 392/1 139 386);
- Шығыс Қазақстан облысы (1 032 284/ 1 025 757);
- Шымкент қаласы (707 749/697 188)
Жалпы 23 тамызға дейін Қазақстанда вакциналардың I компонентімен 10 816 901 адам егілді. ІI компонентті 10 555 165 адам салдырды. Соның ішінде «Pfizer» вакцинасын алған жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар саны - I доза 1 238 309, ІІ доза 1 195 807.
Елімізде ревакцинациядан 5 409 907 адам өтті.