Қай өңірлерде бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған
1-4 сыныпта оқитын 607 мыңнан астам оқушы (41%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 100 пайыз деңгейде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау облыстарының бірінші сынып оқушылары қамтылған.
Ал биыл қыркүйек айынан бастап Алматыда 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі.
Е. Тоғжановтың айтуынша, әр оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешу кезең-кезеңмен іске асырылады. Бастауыш сыныптардағы 1,5 млн баланы 100 пайыз бір реттік тамақтандырумен қамту үшін жыл сайын қосымша 150 млрд теңге керек болады. Ал 1-11 сынып оқушыларын қамтуға жылда қосымша 380 млрд теңгеден астам қажет.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа оқу жылында Алматы қаласының 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады.