Қай салада жұмысшы өлімі жиі тіркеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өндірістегі өлім қай салада жиі тіркелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сатыбалды Дәулеталин БАҚ өкілдеріне «Жаңа қоғамдық келісім: Әділетті еңбек қатынастары» атты әлеуметтік әріптестер форумының алдында өндірістегі өлім статистикасын айтып берді.

«Өкінішке қарай, еңбек қауіпсіздігі күн сайын өзекті болып келеді. Біз жыл сайын өндірісте 200 адамнан айырыламыз. Бұл - жарияланбаған жасырын соғыс деуге болады. Онымен күресуіміз керек. Бұл істе өтемақы төлеу моделінен тәуекелге бағдарланған модельге немесе адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін алдын-алу шараларына көшуді ұсынамыз», - деген федерация басшысы жыл сайын тіркелетін 200 өлімнің қай салаларда жиі кездесетінін айтты.

«Оның қай салаларда екенін айта аламын. Бірінші құрылыс саласында, екінші тау-кен саласында, оның ішінде көмір шығару саласында тіркеледі. Біз жұмысшылары өндіріс кезінде қайтыс болған кәсіпорындарда өзіміз сараптама жүргізгенбіз. Сонда байқағанымыз, мұндай жағдайлар көбінде кәсіподақтары жоқ жерлерде болып жатыр. Екіншіден, 70 пайызы деп айта аламын, жұмыс берушінің кінәсінен болады. Сондықтан бұл да біздің баса көңіл аударатын мәселеміз. Жалпы жұмыс беруші бүгінгі таңда осы мәселеге шынайы көңіл бөліп, ескіріп қалған құрал-сайманды өзгертіп, еңбек адамына деген құрметін көбейтпесе, жағдай өзгермейді», - деді Сатыбалды Дәулеталин.


Соңғы жаңалықтар