Қай себеппен автокөліктер жиі өртенеді?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автокөліктердің өртену себептерінің кең таралған түрі - электр сымдардың қысқа тұйықталуы және жанармаймен қамту жүйесінің дұрыс жұмыс жасамауы.

Қай себеппен автокөліктер жиі өртенеді?

Тек қараша айында Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша төрт автокөлік өрті орын алды. Осы жолы статистика бойынша қайғылы оқиғалар Renault Logan, Hyundai Santa Fe, Mercedes-Benz Sprinter, Lada Granta, Toyota Avalon автокөліктерінде орын алды.

Бұл туралы Астана қаласының ТЖ Департаменті «Сарыарқа» ауданының ТЖ басқарма бастығы Өрт сөндіру қызметінің майоры Е.А.Давыдок мәлімдейді.

Автокөліктердегі өрт қаупі арнайы мамандардың жөндеуінен өтпенген немесе тюнингтен, сондай-ақ қолдан жасалынған жапсырмаларды балқыту (сақтандырғыштар) және жанармай мен электрлі қосындылардың сапасыз жасалуынан болуы жоғарғы орын алуда. Ал қыс мезгілінде ылғал мен тұздың әрекеттесуі нәтижесінде «электр» жүйесі ерекше осал болады.

Алысқа бармай-ақ мысал келтірейік. Қарашаның 20 күні Щорса көшесінде Mercedes-Benz Sprinter автокөлігі өртенді, өрттің шығу себебі электр сымдардың қысқа тұйықталуы болып шықты. Осыған ұқсас себептермен 22 күні Тілендиев даңғылының бойында Lada Granta және Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшелерінің қиылысында қараша айының 25 күні Toyota Avalon екі автокөлігі өртенді.

Қыс мезгілінде автокөлік өртенуінің себептерінің кең таралған түрлері:

- қатып қалған қозғалтқышты жылту мақсатында отты ашық түрде қолдану;

- тұрмыстық электроқұралдарды тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздік ережесінің бұзылуы;

- аккумулятордың тұйықталуы;

- электр сымдарға шамадан тыс мөлшерде жүк түсіру, сапасыз қосымша құрылғыларды орнатуда (сигнализация, тұманға қарсы фарлар, магнитола, салонның тюнингі және т.б).

Кейде өрттің себебі электр сымдардың дұрыстығынан емес, машина бөлшектерінің жоғарғы температурада болуынан болады. Ойда жоқта күтпеген жерде (мысалы, пайдаланылған газды шығаратын коллектордың жанынан) жанармай жүйесінің разгерметизациясы болуы мүмкін.

Сондай-ақ автокөліктердің өртенуінің мынандай да себептері бар:

- генератор жөнделмегенде, сонымен қоса ол жанармай насосының жанында орналасса;

- бақылау-круиз жүйесіндегі олқылықтар;

- әйнекті жуатын форсункалар;

- қозғалтқыштың жұмысын бақылайтын басқару құрылғысының дұрыс еместігі;

- жанармай шлангілері қиылып, жанармай ыстық коллекторға түсуі;

Егер өрттен құтылудың жолы болмаған жағдайда, онда сіздің іс-әрекетіңіз нақты және тура болу керек, нақты айтқанда:

1.Автокөлікті тоқтатыңыз;

2. Қозғалтқышты өшіріңіз;

3. Капоттың құлпын бостыңыз, бірақ ашпаңыз;

4. Жолаушыларды түсіріңіз;

5. «101» қоңырау соғыңыз және өрт сөндірушілерді шақырыңыз;

6. Егер бұл қауіпті болмаса, көліктің ішіндегі өрт сөндіргішпен өшіріңіз;

7. Өрт сөндіру кезінде қозғалтқыш бөлімінде суды пайдаланбаңыз.

Айтпақшы, жоғарыда аталған автокөлік өрті оқиғаларында, өрт сөндіру қызметі жеткенше өрт сөндірілген, бұл өрт сөндіруде дұрыс іс-әрекеттің жүргізілгенінің дәлелі.