Қайғылы футбол ойыны: 8 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дакар қаласы Сенегалда футболдан жергілікті Чемпиондар лигасының ойыны қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды CNN.
None
None

Оқыс оқиға ел астанасы Дакар қаласында болды. Былғары доп шеберлерінің кездесуі аяқталғанда, екі топтың жанкүйерлері бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Оларға араша түспек болған полицейлер көзден жас ағызатын газды қолданыпты.

Осыдан кейін жұрт түгелдей сыртқа ұмтылып, қыспаққа ұшыраған. Салдарынан стадион қабырғасының бір бөлігі опырылып құлады. Стадионға жиылғандар бірін-бірі таптап, 8 адам қаза тапты. Шамамен 50 адам жарақат алды. 

Соңғы жаңалықтар