«Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінде кикілжің тудырған жолаушыларды басу үшін шекарашылар қосымша күш шақыртты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінде ұрыс-керіс шығарған жолаушыларды басу үшін шекарашыларға қосымша күш шақыртуға тура келді.
None
None

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ-авто» бақылау - өткізу бекетінде орын алды. «Жітіқара (ҚР) - Челябі (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусына шекаралық бақылау жасау барысында мас күйінде шекарашылардың қызметіне кедергі келтірген қазақстандық екі жолаушы - 1965 ж.т. Александр және 1971 ж.т. Валерий ұсталды. Валерий есімді азамат төлқұжаттық тексеру кезінде өзінің жеке басын растайтын құжатын таба алмай әбігерге түсті. Ондай құжатсыз шекарадан өте алмайтындығын ескерткен шекарашылармен әлгі екі жолаушы ұрыс-керіске дейін барды. Басқа жолаушыларды да балағаттады. Ушығып бара жатқан жағдайды реттеу үшін «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бастығына қосымша күш шақыртуға тура келді. Аталған азаматтар Қостанай облысы Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ Павлодар шекара отрядына қарасты «Мыңкөл-теміржол» бақылау-өткізу бекетінің (Қазақстан-Ресей шекарасы) шекарашылары №969 Қарасуық стансасы (РФ) - Ертіс стансасы (РФ) бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызына шекаралық бақылау өткізу барысында 1987 жылы туылған Александр есімді Қазақстан азаматы қоғамдық тәртіпті бұзды. Төлқұжаттық тексеруді өткеннен кейін барлық жолаушылар өздерінің орындарында қалуы керек. Бірақ әлгі жолаушы мас күйінде вагонның дәлізінде әрі-бері жүріп, шекарашылардың талабына құлақ аспастан ұрыс шығарып, әдепсіз сөздермен балағаттайды. Амал жоқ, шекарашылардың әлгі жолаушыны Михайловка аулындағы медициналық пунктке апаруына тура келді. Медпункт жолаушының орташа «жеңіл дәрежеде мас» екендігін айғақтап берді. Осыдан кейін «екпіні қатты» жолаушы жергілікті ішкі істер органдарына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар