«Қайрат - 2000» мәскеулік «Торпедоны» жеңді

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Алания қаласында «Түрік демалыстары - 2012» халықаралық турнирі аясында кезекті футбол матчтары өтті.

«Қайрат - 2000» мәскеулік «Торпедоны» жеңді

Sport.kz сайтының хабарлауынша, бүгін Қазақстанның «Қайрат - 2000» футбол командасы ресейлік «Торпедо» құрамасымен кездесіп, өз қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Жалпы, екі кездесудің есебі - 1:1. Ертең, наурыздың 28-і күні біздің футболшылар Түркияның «Avsallar» командасымен ойнайды.