Қайрат Әбдірахманов Германияның Сыртқы істер мемлекеттік министрімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Германияның Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Бүгін Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламент Мәжілісінде және Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға келген Германияның Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті. Германияның Мемлекеттік министрі Нильс Аннен Германияның Қазақстанды Орталық Азиядағы сыртқы саяси және экономикалық белсенділіктің басым бағыты ретінде қарастыратынын айтып, Германияны 2019-2020 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігінде қолдағаны үшін алғысын білдірді», - деді ол.

Оның айтуынша, өз кезегінде Қайрат Әбдірахманов Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас дамудың тұрақты динамикасымен сипатталатынын және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік байланыстарды қалыптастыруда Берлиннің маңызды рөлін атап өтті.

«Келіссөздер барысында екі ел арасында өзара қарым-қатынастың барлық ауқымында қол жеткізілген ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты анықталды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Канцлері Ангела Меркель арасындағы жоғары деңгейде тұрақты байланыс ерекше маңызға ие», -деді Айбек Смадияров.

Оның сөзіне қарағанда, тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын жеке талқылап, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуін қанағаттанарлықпен атап өтті.

«Жалпы, өткен жылы қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд АҚШ долларына жетті. Инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуде елеулі әлеуеттің бар екені атап өтілді. 2017 жылы Германияның Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициясының жалпы ағыны 345 млн АҚШ долларынан асты. Жалпы, 2005 жылғы қаңтардан 2018 жылдың қаңтарына дейін Германиядан Қазақстанға құйылған тікелей инвестицияның жалпы ағыны 4,2 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақстан  экономикасына құйылған неміс инвестициясының 90 пайыздан астамы «шикізаттық емес» салаға, атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және агроөнеркәсіп кешеніне бағытталып отыр. Ынтымақтастықтың қолданыстағы және жаңа институттары арқылы екіжақты байланыстың даму қарқынының өсуіне қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді СІМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар