Қайрат Әбдірахманов Сирия Үкіметінің және қарулы оппозицияның өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің 7-ші раундына қатысушы Сирия Үкіметінің және қарулы оппозициясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл жайында еліміздің сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайрат Әбдірахманов Сирия Үкіметінің және қарулы оппозицияның өкілдерімен кездесті

Екі кездесу барысында да делегация өкілдері Қазақстан басшылығына Сириядағы ахуалды бейбіт реттеу жөніндегі табанды ұстанымы және келіссөздер процесін жақсы ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, министрге Астанада жалғасып жатқан келіссөздердің күн тәртібіндегі барынша маңызды мәселелерге қатысты өздерінің ұстанымдарын хабардар етті.

Бұл жолғы келіссөздердің кезекті раунды барысында Сириядағы тұтқындар мен кепілге алынғандарды босату, қаза тапқандардың мүрдесін беру және із-түссіз жоғалғандарды іздеу, ел аумағының басым бөлігін минадан залалсыздандыру және елдің түрлі елді мекендеріне гуманитарлық жүктердің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

null 

Кездесуге қатысушылар Астана процесі аясында нәтижелі жұмыстарға қол жеткізуге пейілді екендіктерін білдірді.