«Қайрат» АФК-ның ойыншысына қатерлі ісікті алып тастау отасы сәтті жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футзалдық клубының ойыншысы Нетоға Сан-Паулу қаласында ота жасалды, оның миындағы ісік алынып тасталды, деп хабарлайды kazfootball.kz .
«Ота сәтті жүргізілді, қазір «Қайраттың» ойыншысы өзін жақсы сезінеді. Ісік биопсияға жіберілді, соның нәтижесіне қарай келесі кезектегі емдеу анықталады», - делінген хабарламада.
Нето Бразилияның шағын футболдан құрамасының ойыншысы, ол осы құрамда 2012 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Еске сала кетсек, 35 жастағы спортшы 2016 жылы тамыз айында шағын футболдан алматылық «Қайрат» клубының сапына өткен болатын.