«Қайрат» әкімшілігі клубты Алматы әкімдігіне берді деген ақпаратты жоққа шығарды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Қайрат Боранбаевтың бірқатар кәсіпорындарды, соның ішінде «Қайрат» футбол клубын Алматы әкімдігіне берді деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клуб бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. «Қайрат» ФК жұмысы бұрынғыдай жүргізілуде және қазіргі уақытта барлық күш 2022 жылыдың 15 қазанында өтетін футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының 23-ші турындағы «Астана» ФК-ға қарсы ойынға дайындалуға бағытталған», – деп хабарлады футбол клубының баспасөз қызметі.

Еске салайық, наурыз айында Қайрат Боранбаев қамауға алынған болатын. Қайрат Боранбаев – «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы және түрлі бизнестердің иесі, әрі еліміздегі ірі кәсіпкер.

Forbes.kz жазуынша, Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. 2021 жылдың қарашасындағы рейтинг бойынша ол бұл тізімде 14-орында тұрды.




Фото: instagram.com/skazk1.dugali4a



Соңғы жаңалықтар