Қайрат Байбосынов Ұлытау облысының құрметті азаматы атанды

Қайрат Байбосыновқа Ұлытау облысының құрметті азаматы атағы берілді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform.

Қайрат Байбосынов
Фото: из открытых источников

"Қасиетті өлкемізде туып-өсіп, еліміздің, туған жеріміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тұлғаға бүгін, Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында, Ұлытау облысының «Құрметті азаматы» атағы табыс етілді", - деп жазды әкім.

Марапатталғандардың қатарында қазақ өнерінің алыбы, ұлт мұрасына еңбегі сіңген дауылпаз дауыс иесі Жаңаарқа ауданының тумасы Қайрат Әукенұлы Байбосынов;

ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, QazVac вакцинасын әзірлеуші, Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінің тумасы Күнсұлу Дальтонқызы Закария;

Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, Ұлытау ауданының тумасы Батырбек Тиыштықбайұлы Мырзабеков;

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының әртісі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Халық әртісі Досжан Әбдірәліұлы Жанботаев;

Құрметті профессор, Қаныш Сәтбаев атындағы «Құрмет» орденінің иегері Қайсар Жұмаханұлы Телешов бар.