10:02, 06 Қараша 2023 | GMT +5
Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты
Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді», - деп хабарлады ҚАЖК.
Ведомстводан атап өткендей, мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді. Сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.