Қайрат Боранбаев Олимпиада-2018 бойынша тұңғыш қазақстандық алаугер болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қайрат Боранбаев Оңтүстік Кореядағы қысқы 2018-жылғы Олимпиада ойындарының Қазақстан атынан алғашқы алаугері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың кандидатурасы Пхёнчхандағы ұйымдастыру комитетімен бекітілді.

Қазақстандық спортшы алауды Чеджу қаласында алып өтті.

«Осындай дүбірлі додада Қазақстанның  атынан шығу мен үшін мәртебе. Олимпиада ойындарына бүкіл әлем көз тігіп отыр. Паралимпиялық спорт Олимпиялық спортқа маңызы жағынан теңелгені қуантады. Қазақстанда да Паралимпиялық спортқа деген қызығушылық артып келеді. Алауды алып жүруге Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті ретінде менің шақырылғанымның өзі осыған үлкен дәлел. Барлық спортшыларға жеңіс тілеймін», - деді Қайрат Боранбаев.

Айта кету керек, 24 қазанда  Афины қаласында 2018 жылы Пхёнчханда өтетін Олимпиаданың алауы салтанатты түрде кәріс делегациясына тапсырылды.

Алау қазір Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласына жеткізілді.  

Оңтүстік Кореяда осымен екінші рет Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 1988 жылы Жазғы Олимпиада ойындары Сеулде өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар