«Кайрат» бразилиялық «Ботафогодан» басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайраты» жолдастық кездесуде бразилиялық «Ботафогодан» басым түсті - 2:1, деп жазады Sports.kz.
Жаңа маусымға және клубтар чемпионатына дайындық барысында «Қайрат» Кабу-Фриуда бразилиялық «Ботафого» командасымен кездесу өткізді. Бірінші таймда есепті Диваней ашқан. Үзілістен кейін қарсыластар есепті теңестірді. Алайда Ранкальо қарсылас қақпасынан саңылау тауып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.