13:28, 01 Сәуір 2016 | GMT +5
Қайрат Ералиев Риодағы Олимпиадаға жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы біліктілік турнирінде үшінші орын үшін ақтық жарыстар мен жекпе-жектер басталды, деп жазады Sports.kz.

56 келіге дейін салмақ дәрежесінде үшінші орын және Риодағы Олимпиадаға жолдама алу үшін қазақстандық Қайрат Ералиев пен филиппиндық спортшы Марио Фернандес таласты. Ералиев өз қарсыласынан басым болып, жекпе-жекті 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен аяқтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін лицензияларды Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) және Дариға Шәкімова (75 келі) жеңіп алған.