«Қайрат» Еременко Кубогының екінші матчында «Никарсты» талқандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» Ресейдің Мәскеу облысының Щелкова аймағында өтіп жатқан «Еременко Кубогы» дәстүрлі турнирінің екінші матчында латвиялық «Никарсты» ойсырата жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ХАА.

«Қайрат» Еременко Кубогының екінші матчында «Никарсты» талқандады

Бірінші таймда «Қайрат» командасының мүшелері 3 голды жіберіп алып, қарсыластарына 6 гол салды. Үзілістен соң тағы бір гол салды. Қорытынды есеп - 3:7.

Кеше алматылық команда мүшелері «Норильдік Никельге» есе жіберген болатын. .

Өзінің топтық кезеңдегі үшінші ойынын «Қайрат» 2 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 22-00-де «коммунистерге» қарсы өткізеді.