«Қайрат» еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңі төртінші турындағы «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Мьелбью» (Швеция) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

«Қайрат» еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті
Фото: Альберт Ахметов/Kazinform

Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттің бірінде жартылай қорғаушы Еркін Тапалов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол әріптесі Марк Гуальдың берген пасын 15-минутта қақпа торында тулатты.

Екінші кезеңде алматылық клуб негізінен қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Десе де швециялық команда шабуылдан нәтиже шығара алған жоқ. Кейбір сәтте қазақстандық Темірлан Анарбековтің әбжіл қимылымен қақпаға дарыған жоқ.

«Қайрат» еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті
Фото: Альберт Ахметов/Kazinform

Осылайша, «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 5 ұпаймен он бесінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, алматылық ұжым еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Олар былтыр Чемпиондар лигасы және биыл Конференция лигасында үш ұпайға қол жеткізе алмай келді.

«Қайрат» еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті
Фото: Альберт Ахметов/Kazinform

«Қайрат» бұған дейін бұл турнирде латвиялық «Рига» және италиялық «Аталантамен» (1:1) тең ойнаса, грекиялық «Панатинаикостан» (1:5) ойсырай жеңілді.

Енді олар алдағы ойындарда 10 желтоқсанда Румынияның «Университатя Крайова» клубын қабылдаса, 17 желтоқсанда сырт алаңда Нидерландтың «Твенте» клубымен ойнайды. Ал, «Мьельбю» Андорраның «Интер Эскальдес» және Босния және Герцоговинаның «Борац» командасын (2:0) жеңсе, Грузияның «Иберия-1999» клубымен (1:1) тең нәтижеге қанағат білдірді.

Тоқсан жылға жуық тарихы тасқа басылған «Мьельбю» 2018 жылға дейін негізінен өз елінің төменгі дивизионында ойын көрсетіп келді. 2025 жылдың 20 қазанында команда айды аспанға шығарып, ел чемпионы атағына бірнеше тур бұрын қол созды. Оған дейін Швеция кубогында 2022/2023 жылғы маусымда финалға дейін жеткен еді. 2026 жылы команда кубокты да төбесіне көтерді.