«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне Орталық стадионның көгалын сыйға тартады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Орталық стадионында көгалды ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары басталды. ҚР Премьер-Лигасында өнер көрсететін «Қайрат» ФК жаңа маусымда жаңа көгалда ойнайтын болады», - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметінен.
None
None

Осыған байланысты «Қайрат» ФК басшылығы жанкүйерлерге Орталық стадионның бұрынғы көгалын сыйға тартпақ ниетте. Бірегей акция ертең, 23 ақпан күні Орталық стадионда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта болады.

Ниет білдірушілер өздері жайында деректі [email protected] поштасына жіберіп, көгалды қанша көлемде алғылары келетіндігін көрсетулері тиіс. Қосымша сұрақтар бойынша мына ұялы телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 707 828 0404.

Өтінімдерді қабылдау бүгін кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Айта кетелік, бұл ескі көгалда «Қайрат» командасы ішкі біріншілікте және Еуропа Лигасында талай сәтті ойындарын өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар