10:49, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
«Қайрат» футбол клубы Қазанның «Рубинімен» ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйекте «Қайрат» футбол клубы Қазанның «Рубинімен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлады алматылық команданың баспасөз қызметі.

«Ұлттық құрамалардың матчтарымен байланысты үзілістерге байланысты Қазақстан чемпионатында кезекті екі апталық тыныс болды, оны толтыра отырып, біздің клуб келесі ойындарға әзірлік есебінде күшті қарсыластың бірі - Қазанның «Рубинімен» жолдастық кездесуді жоспарлады. Спарринг 6 қыркүйекте жаңа «Қазан - Арена» стадионында өтеді», делінген таратылған ақпаратта.
«Рубин» футбол клубы 2008 және 2009 жылдардағы Ресейдің екі мәрте чемпионы. Ресей Кубогының (2012), Достастық Кубогының (2010), Ресей Суперкубогының (2010, 2012) иегері. Көп жылдар бойы ресейлік клубтың жаттықтырушысы алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Құрбан Бердиев (2001-2013) болды.