«Қайрат» футбол клубы «Пахтакормен» жолдастық кездесу өткізеді

Онда 11-і қаңтарда Ташкент қаласының «Пахтакор», 14-де Германияның «Гамбург», 19-да Ресейдің «Краснодар» командасымен жолдастық матч өткізбек.
Бұған дейін олар Түркияның Белек қаласында өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында «Таразға» 0:1 боп ұтылып, Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңген болатын. Клуб сербиялық қорғаушы Жарко Марковичпен 3 жылдық келісімшартқа отырды. Ол 2004-2006 жылдары Белград қаласының «Сопот», ал 2006-2008 жылдары «БАСК» клубтарында өнер көрсеткен, 2008-2013 жылдары Румынияның «ГазМетанМедиаш» клубында бақ сынаған болатын.
Алматылықтардың алдағы қарсыластарына аз-кем тоқталатын болсақ. 1956 жылы құрылған «Пахтакор» Өзбекстан чемпионатында 8 дүркін чемпион, 5 рет күміс жүлдегер атанып, 10 рет ел кубогын иеленген. 1887 жылы негізі қаланған «Гамбург» клубы болса Германияның 6 дүркін чемпионы, 8 рет күміс жүлдегер атанып, 3 рет ел кубогын, 2 рет Неміс лигасы кубогын, 1 рет Еуропа чемпиондары кубогын еншілеген. Ал 2008 жылы құрылған краснодарлық футболшылар 2008 жылы Екінші дивизионның «Оңтүстік» аймағында - 3, 2009 жыл Бірінші дивизионда - 10, 2010 жылы - 5, 2001/2012 жылдардағы маусымда Премьер-Лигада - 9, ал 2012/13 жылдардағы маусымда - 10 орын алған болатын.