«Қайрат» футбол клубы жасөсіпірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанды

None
None
АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 1999 жылға дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан біріншілігі өтті. Онда 12 команда төрт топқа бөлініп өзара сайысқа түскен болатын.

Жарыс қорытындысында жартылай финалда ғана біріншілік жеңімпаз атанған Ақтөбе облысының командасына есе жіберген Алматының «Қайраты» 3-орын үшін өткен финалда Павлодар облысысың командасымен ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал ақтық сында Қарағанды облысының командасымен 0:0 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:2 есебімен басым түскен ақтөбеліктер ел чемпионы атанды.  Өзге облыстың командаларынан қостанайлықтар - бесінші, оңтүстікқазақстандықтар  - алтыншы, атыраулықтар - жетінші, жамбылдықтар - тоғызыншы, алматылықтар - оныншы, маңғыстаулықтар - он бірінші, ақмолалықтар - он екінші орынды қанағағат тұтты. Сондай-ақ Алматы қаласынан Никита Савенков - үздік қақпашы, Ақтөбе облысынан Батырбек Каримов - үздік қорғаушы, Рүстем Нұрманов турнирдің үздік ойыншысы, Қарағанды облысынан Роман Блошицин - үздік жартылай қорғаушы, Пауруз Жан-Али - үздік шабуылшы, Павлодар облысынан Евгений Массим - үздік бомбардир деп танылды.

Соңғы жаңалықтар