05:27, 25 Қараша 2018 | GMT +5
«Қайрат» футбол клубының жаңа бапкері кім
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтық жас маман Алексей Шпилевский «Қайраттың» жаңа бас бапкері атанды. 25 қараша күні клуб бұл тағайындау жөнінде ресми мәлімдейді, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
30 жастағы белорус Алматыға бір апта бұрын келген. Ол «Қайраттың» басшылығымен соңғы келіссөздерді жүргізді. Шпилевский Қазақстан Кубогы кезінде «Астана Аренада» көзге түскен болатын. Ол өзінің болашақ командасының ойынын мұқият бақылап отырды. 25 қараша күні оны ойыншыларға ресми түрде таныстырады.
Алексей Шпилевскийдің ересек командалармен жұмыс тәжірибесі онша көп емес. Оның қызмет жолы бресттік «Динамодағы» жеңілісімен және «Лейпциг» жасөспірімдер командасындағы жұмысымен шектеледі.
Еске сала кетейік, «Қайрат» командасы финалда «Атыраудан» басым түсіп, биыл тоғызыншы рет Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.