«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.Алматылық клуб биыл аталған турнирде сәтті ойын көрсетіп келеді. Алғашқы іріктеу кезеңінен бастап жанкүйер сенімін шығып жүр. Осылайша плей-офф сатысына дейін жетті.

«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл кездесуге алматылық клуб сапынан  құрамдағы бірқатар футболшы жасыл алаңға шыға алған жоқ. Алған сары қағазының көптігіне байланысты жас жұлдыз Дастан Сәтпаев бүгінгі кездесуден тыс қалды.

«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Оған қоса шабуылшы Эдмилсон қатыспады, Ал қорғаушы Луиш Мата жарақатынан айығып, алғашқы минуттан негізгі құрамда шықты.

«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Командалар Қарсыластар алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен өз мүмкіндігін пайдалана алмай жатты. Шотландиялық команда белсенділігін көрсете қойған жоқ. Есесіне «Қайрат» қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Екінші кезеңде де командалар шабуылға жиі шықты. Соған қарамастан қақпа гол соғылған жоқ.

«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Екі ойында 0:0 есебі тіркелді. Сондықтан ойын қосымша кезеңге ұласты. Қосымша кезеңде жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Қайрат» жеңімпаз анықталып, олар Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды. 

«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

Соңғы жаңалықтар