«Қайрат» футболшысы қатерлі ісікке шалдықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» АФК ойыншысы Нетодан мидың қатерлі ісігі табылды. Бұл туралы футзалдық клубтың сайты хабарлады.
Ертең «қайраттық» ойыншыға биопсия жасалады. «Мен үшін дұға етіңіздерші!», - деп жазды Бразилия құрамасының ойыншысы өз жанкүйерлеріне.
«Қайрат» командасы маңызды ойыншысы саналатын Нетоның тезірек айығып кететініне сенеді.
Нето - футзалдан Бразилия құрамасының ойыншысы. Нето ойнаған бұл құрама 2012 жылы өткен әлем чемпионатында жеңді.
2016 жылдың тамыз айында 35 жастағы спортшы «Қайрат» АФК-на ауысты.
«Бекем бол, Нето - біз сенімен біргеміз!», - жазады «Қайраттың» сайты.