«Қайрат» футзалдан 2009 жылғы Қазақстан чемпионы атанды
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алматының «Қайрат» клубы футзалдан 2009 жылғы Қазақстан чемпионы атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясына сілтеме жасап. 2008/2009 жылғы маусымда «Қайрат» 12 ойында 34 ұпай жинады. Ақтөбенің «Ақтөберентген» клубы күміс жүлдегер атанса, Қарағандының «Тұлпары» қола жүлдені қанжығасына байлады.