«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Қайрат» ((Алматы) футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын А жолының негізгі кезеңінен бастады.

у
Фото: «Қайрат» футзал клубы

Алматылық команда бірінші ойынында Израильдің «Бейтар» командасымен шеберлік байқасты. 

Бірінші кезеңде олар қарсылас қақпасына үш гол соғып үлгерді. Алдымен Азат Валиуллин 4-минутта есеп ашса, одан кейін Кайо Руис 7 және 20-минутта екі мәрте көзге түсті. 

Екінші кезеңде Алмас Иманбеков 21-минутта басымдықты арттырса, одан кейін израильдік клубтан Дмитрий Кузьмин 22, 26, қақпашы Максим Троицкий (23-минутта көзге түсті.

Ойынның 34-минутында Кайо Руис кездесудегі өзінің үшінші голын соғып, қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Қайрат» 5:3 есебімен басым түсті.

Енді олар 31 қазанда Бельгияның «Андерлехт» командасымен кездеседі.

Ал қазақстандық «Семей» Чемпиондар лигасы А жолының негізгі кезеңінде Словакияның «Лучеенц» клубын 6:0 есебімен қапы қалдырды. Олар бүгін, 29 қазанда Испанияның «Барселона» клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 31 қазанда Швейцарияның «Минерва» командасымен ойнайды.