«Қайрат»- «Хапоэль-Шева» матчы тікелей эфирден көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жанкүйерлер Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы - «Қайрат» пен израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» арасындағы ойынды тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.
1 тамызда Алматыда өтетін ойынды «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да басталады.
Алғашқы ойында қазақстандық клуб «Хапоэль Беэр-Шеваға» 2:0 есебімен ұтылған болатын.
«Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шыққан жағдайда «Норрчепинг» (Швеция)-«Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.