Қайрат Қамбаров ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы болып тағайындалды
Ол 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қ. Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастады.
2012-2013 жылдары — Астана қ. әкімі аппараты бөлімінде бас маман, бас маман – протокол басшысы.
2013 жылы ҚР Президентінің Іс басқармасында сектор бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасы бөлімінің басшысы.
2013-2014 жылдары — «Нұр Отан» партиясының Астана қ. филиалының бөлім кеңесшісі.
2014-2015 жылдары — Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бөлімінің бас инспекторы-бас бақылаушысы.
2015 жылы Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы.
2015-2018 жылдары — Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бөлімі басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы.
2019-2021 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2021-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.