Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Қайрат» Карлос Алос Феррермен келісімшартты ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» ФК бас бапкермен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы sport.inform.kz хабарлайды. 

«Қайрат» Карлос Алос Феррермен келісімшартты ұзартты

Испаниялық маман клуб тізгінін ағымдағы жылдың шілде айында ұстады. Осы уақыт аралығында ол Алматының «Қайратымен» 14 ойын өткізіп (13 жеңіс, және 1 тең ойын), Қазақстан кубогі мен ішкі біріншіліктің күміс медалін жеңіп алды. Керемет жетістіктері үшін клуб басшылығы Карлосты 2 жылдық келісімшартпен қуантты.

- Алдағы маусымды «Қайратпен» бірге өткізетініме қуаныштымын. Барлық әріптестеріме, клуб басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Артқан үмітті ақтап, клубтың алға қойған мақсатына жетуге бар күш-жігерімді жұмсаймын деп сөз беремін. Себебі, бұл клуб биік тұғырдан көрінуге әбден лайық», - деп өз сөзін қорытындылады Карлос Алос.