16:08, 20 Қараша 2015 | GMT +5
«Қайрат» Қазақстан кубогының финалы алдында ашық жаттығу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең "Астана-Арена" стадионында "Астана" мен "Қайрат" клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы кубогының финалы өтеді. Бүгін алматылық "Қайрат" футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мəслихатын өткізсе, команда жігіттері "Астана-Арена" алаңында финал алдында дене қыздырды.

"Бұл Қазақстан Республикасы Кубогының финалы, сондықтан, екі команда да тек жеңіске талпынады. Бұл маңызды матч жəне финалда Қазақстанның ең мықты екі командасы ойын көрсетеді. Сондықтан, ойын қызық болатынына сенемін", - деді "Қайраттың" жаттықтырушысы.
Оның айтуынша, команда ойыншыларының көңіл-күйі жақсы жəне "Қайрат" басымдыққа ие болуға барын салады. Бас жаттықтырушының баспасөз мəслихатынан кейін "Қайрат" ойыншылары "Астана-Арена" стадионында ашық жаттығу өткізді.