«Қайрат» Қазақстан Премьер-Лигасын жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының «Орталық» стадионында «Қайрат» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымындағы алғашқы кездесуін өткізді. Алаң иелері «Ақтөбе» командасын қабылдап, қонақтардан басым түсті, деп жазады Sports.kz.
Ойынның екінші таймында Жерар Гоу есеп ашты, таблодағы көрсеткіш одан кейін өзгерген жоқ. Осылайша Премьер-Лиганың 1-ші турын «Қайрат» жеңіспен бастады.