"Қайрат" клубының бас директоры сайланды

АЛМАТЫ. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат  - Алматы қаласының "Қайрат" футбол клубының Бас директоры болып Мәлік Болатұлы Көшәлиев сайланды.

"Қайрат" клубының бас директоры сайланды

Бұл туралы кеше клубтың жалпы жиналысында мәлім болды. Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев  клуб құрылымындағы жаңа кадрлық өзгерісті жария еткен кезде Спорт директоры Олег Флегонтовтың өз еркімен қызметінен кеткенін және оның орнына  Рафаэль Эдуардұлы Гарибянның тағайындалғанын айтты.

 «Хаким  Хасанов пен  Олег  Флегонтовқа «Қайрат» футбол клубының атын шығаруда  жасалған жұмыстары  мен үлестері үшін алғыс айтамыз. Мен клубтың жаңа жетекшісі басталған жұмысты тиімді жалғастыратынына сенімдімін. Мәлік Болатұлының басқару саласында үлкен тәжірибесі бар. Ал Рафаэль Эдуардұлының спорттық менеджмент және футбол бизнесі саласында арнайы білімі бар", - дейді Қайрат Советұлы.