«Қайрат» клубының қатысуымен өтетін УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне билеттер сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде 24-26 сәуір аралығында «Қайрат» клубының қатысуымен өтетін УЕФА Кубогының финалдық кезеңдегі матчтарына билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды УЕФА-ның баспасөз қызметі.

«Қайрат» клубының қатысуымен өтетін УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне билеттер сатыла бастады

«2 манат (1,85 еуро шамасында) тұратын билеттерді «Серхедчи» спорт кешенінен және «28 Mall» сауда орталығынан сатып алуға болады» делінген хабарламада.

Алғашқы матч 24 сәуірде мәскеулік «Динамо» мен УЕФА Кубогының қазіргі иегері, қазақстандық «Қайрат» клубтары арасында өтеді. Екінші ойында бакулік «Араз» испаниялық «Барселонамен» бақ сынасады.

Үшінші орын үшін болатын матч 26 сәуірде 16:00-де, бірінші орын үшін матч сол күні 18:30-да өтеді.