Қайрат Қожамжаров ҚР Бас прокуроры қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Қожамжаров ҚР Бас прокуроры қызметінен босатылды

Еске сала кетсек, ҚР Бас прокуроры қызметіне Президент Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды.