Қайрат Қожамжаров ТМД мемлекетаралық жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қайрат Қожамжаров ТМД мемлекетаралық жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы болып сайланды

«Кеңестегі төрағалықты Қазақстан Республикасына жүктеу және кеңес төрағасы етіп ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаровты сайлау ұсынылады», - деді Беларусь Республикасы Могилев облысының прокуроры Александр Чадюк бүгін Астанада өткен ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысында.

Айта кету керек, кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.