16:16, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Қайрат Лама Шәріп Алматы қаласы дін істері департаментінің жаңа директорын таныстырды
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 15 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен кездесіп, Алматы қаласы Дін істері департаментінің жаңадан тағайындалған директоры Нұржан Жапарқұлды таныстырды.
ҚР Дін істері агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұржан Бейсенбайұлы Жапарқұл 1975 жылы дүниеге келген, заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық Зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары қызметін атқарған.