«Қайрат» «Маккабиден» ұтылып, Еуропа Лигасынан шығып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» Тель-Авивте Еуропа Лигасының іріктеу раундысындағы қарымта мачтында 1:2 есебімен ұтылып, «Маккабиге» жол берді, сөйтіп, турнирде шайқасын жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.
Бірінші кездесумен салыстырғманда, «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе алғашқы құрамға бірнеше өзгерістер енгізді, осылайша біліктілігінен айырылған Бауыржан Исламханның орнын Херсон Асеведо алмастырды, орталық қорғаныстағы Жарка Маркович жұбына Сесар Арзо қосылды, Анатолий Тимощук тірек аймаққа ауысты, соның нәтижесінде Ермек Қуантаев орнынан айырылды, деп жазады sports.kz.
Алғашқы минуттар тыныш өтті, командалар тәуекелге бас тіккен жоқ, бірақ та қонақтар бірден басымдықты қолға алды. Бұл шапшаң гол соғылуына әкеп соқты, Таль Бен-Хаим сол жақтан жарып өтіп, Станислав Луниннің жолын кесіп өтті, бұдан кейін Владимир Плотниковтің соққысы 1:0 есебін ашты. Бұл қонақтардың алға шығуына жол ашты.
«15-ші минутқа қарай алматылықтар бірнеше қауіпті жүрістер жасады. Асеведо сылбыр әрекет етіп, шабуылға кедергі келтірді, Исламханның ойынның шығып қалуы да сәтсіз болды. Андрей Аршавин оң жақтан екі қарсыласын айналып өтіп, айып алаңынан алыстан бұрыштан соққы берді, бірақ та гол сала алмады, дегенмен ойынды жандандыруға себепкер болды, бұдан кейін ресейлік сол жақтан тағы да қақпаға доп соқты, бірақ та Райкович тойтарыс берді. Таимның соңғы жағында Бен-Хаим тағы да айып алаңынан күшті соққы жасады», - деп жазады Sports.kz.
Ойында өзін көрсете алмаған Асеведоны үзілісте Исламбек Қуат алмастырды. Екінші қырық бес минуттің басында алматылықтар қарсы жақтың қақпасы алдында айып добын соқты, оны Исаэл қайтарды. Ойын қарқын алды. Дор Миха орталық алаңда Плотниковтің қақпасын көздеді, бірақ та ала алмады. Жерар Гоудың соққысы есепті 1:1 етіп теңестірді..
Алаң иелері қонақтардың қақпасына қысым көрсете бастады. «Қайраттың» қақпасына 25 метр қашықтықтан соққан израильдықтардың капитаны Галь Альберманның соққысы ойын тағдырын шешті. Уақыт аз қалғандықтан қанша тырысқанмен қайраттықтар ойын барысына ықпал ете алмады.
Сөйтіп, «Қайрат» биылғы маусымдағы еурокубогындағы ойынын аяқтады.