Қайрат Мәми Конституциялық Кеңестің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты.
Қайрат Мәми Конституциялық Кеңестің басшылығы мен мүшелерін құттықтай келе: «Конституциялық Кеңестің мерейтойы еліміз биыл тойлаған Ата Заңымыздың 20 жылдығымен орайлас келді. Уақыт Конституциялық Кеңестің республиканың барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша өз қызметін тиімді атқарып келе жатқандығын көрсетті» деп атап өтті.
Жоғарғы Сот Төрағасы Конституциялық Кеңестің алдағы уақытта да өз қызметін жоғары кәсіби деңгейде атқара беретіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңес мүшелері мен аппарат қызметкерлеріне зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тіледі.